Макияжды сүртуге арналған мицеллярлық су

Experalta Platinum - Макияжды сүртуге арналған мицеллярлық су

Experalta Platinum
Пікірлер жоқ
Жай ғана тазарту емес!
BioDTox© табиғи кешені бар мицеллярлық су теріні ластанудан және токсиндерден тазартады, балғындық пен сау жарқыл береді. Өсімдік пептидтері серпімділікті арттырады, HerbaGlow® NRG тері жасушаларын қуатпен толтырады, А, Е және С дәрумендері антиоксидантты қорғауды қамтамасыз етеді.
Артикул: 418441
Қалды: 7 дана
6 900 ₸
24 б
  • Өзі алып кету: пунктерде
Жедел тазарту
Бетке, көзге және ерінге арналған әмбебап формула кір мен макияжды тез кетіруге мүмкіндік береді.
Максималды ыңғайлылық
Тітіркенуді басады, терінің терең ылғалдануына ықпал етеді.
Детокс
Теріні токсиндерден тазартады, өзінің антиоксиданттық қорғаныс процестерін белсендіреді.
Anti-age әсері
Терінің серпімділігі мен тығыздығын жақсартады, жасқа байланысты өзгерістердің алдын алады.
Теріні тазарту және детокс Қалалық ортадан қорғау
Күн сайын бет терісі қатты күйзеліске ұшырайды: қалалық ортаның жағымсыз әсері мен макияж өз іздерін қалдырады. Теріңізге қорғаныс керек! Experalta Platinum мицеллярлы суы - теріні сау, жас және балғын сақтай отырып, оны ұқыпты күтіп-баптайтын және қалпына келтіретін тиімді тазартуға және детоксикацияға арналған жедел құрал.
Теріні жаңа деңгейде тазарту
Тиімді тазарту мен ыңғайлылық
Табиғи фосфолипидтерден алынған мицеллалар сәндік косметика мен қоршаған ортаның ластануының майда еритін компоненттерін магнит сияқты тартады. Аллантоин тыныштандырады, тітіркену мен тартылу сезімін басады, сүт қышқылы мен алоэ (BioDTox©) теріні терең ылғалдандырады.
Детокс пен тері жарқылы
Biodtox© биобелсенді кешені үш табиғи сығындыдан (алоэ, цитрус және брокколи) тері бетіндегі ластаушы заттардың бөлшектерін (пайдаланылған газдар, қала шаңы, ауыр металл бөлшектері) ұстап, олардың енуіне жол бермейді және оларды оңай кетіруге мүмкіндік береді. Май (себум) өндірісін қалыпқа келтіреді. Терінің беткі құрылымын тегістейді және тері тесігін тарылтады.
Мерзімінен бұрын қартаюдан қорғаныс
HerbaGlow® NRG кешені жасушалардың өміршеңдігі мен зақымға төзімділігін арттыру арқылы олардың энергия қорын толтырады. PhytoCodine® өсімдік пептидтері терінің серпімділігі мен тығыздығын жақсартады,жасқа байланысты көріністердің алдын алады. Лакталған ағашқұлақ сығындысы антиоксидантты әсерге ие, терінің ерте қартаюына жол бермейді. А, С және Е дәрумендерінің кешені бос радикалдардың әсерін бейтараптандырады, теріні қалпына келтіру процестерін ынталандырады.
Кімге арналған:
  • теріні тез және тиімді тазартып детокс жасайтын өнім таңдайтын жандарға;
  • теріні құрғатпай, оны қалалық ауа мен ластанудың теріс әсерінен қорғауды қалайтын жандарға;
  • жуғаннан кейін бет терісі таза, барқыттай сезінгенін қалайтын жандарға.
+47%
тері өңі біркелкі
Дерматологиялық тестілеу нәтижелері бойынша.
+41%
тері тегіс және біркелкі
Дерматологиялық тестілеу нәтижелері бойынша.
Құрамы

Ингредиенттері (INCI): Aqua (water), рropanediol, polyglyceryl-4 caprate, allantoin, glycerin, lecithin, lactic acid, aloe barbadensis leaf extract, sodium ascorbyl phosphate, benzyl alcohol, polyglyceryl-3 cocoate, polyglyceryl-6 caprylate, polyglyceryl-6 ricinoleate, glyceryl laurate, parfum, sodium phytate, tocopheryl acetate, capparis spinosa bud extract, hydrolyzed pinus sibirica seedcake extract, rhodiola rosea root extract, morus nigra leaf extract, ganoderma lucidum (lingzhi mushroom) extract, bioflavonoids, retinyl palmitate, pentylene glycol, acanthopanax senticosus (eleuthero) root extract, tocopherol, brassica oleracea italica (broccoli) extract, ascorbyl palmitate, citric acid, sodium hydroxide.

Су, пропандиол, полиглицерил - 4 капрат, аллантоин, глицерин, лецитин, сүт қышқылы, алоэ сығындысы, аскорбил натрий фосфаты, бензил спирті, полиглицерил-3 кокоат, полиглицерил-6 каприлат, полиглицерил-6 рицинолеат, глицерил лаурат, хош иіс, натрий фитаты, токоферил ацетаты, тікенді каперс бүршігі сығындысы, сібір балқарағай тұқымының гидролизденген сығындысы, қызғылт семізот тамыры сығындысы, қара тұт жапырағы сығындысы, лакталған ағашқұлақ сығындысы, биофлавоноидтар, ретинил пальмитаты, пентиленгликоль, элеутерококк тамыр сығындысы, токоферол, брокколи сығындысы, аскорбил пальмитаты, лимон қышқылы, натрий гидроксиді.

Қолдану тәсілі:
Миццелярлы судың аздаған мөлшерін дөңгелек мақтаға жағыңыз да, уқалау қимылдарымен бет терісін сүртіңіз. Көз маңайындағы макияжды барынша ұқыпты тазалау үшін ылғалданған мақтаны қабаққа қойыңыз, 2-3 секунд ұстаңыз және сәндік косметика қалдықтарын баяу қимылмен өшіріңіз. Қалдықтарды жылы сумен шайыңыз.
Пікірлері
Бұл тауарды әлі ешкім бағалаған жоқ.
Сапасына кепілдік береміз
left-imageright-image

Меншікті өндіріс

Ең жоғары сапа қатаң халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған және FDA тізіліміне енгізілген өз өндірісін қамтамасыз етеді.

iso-iconiso-iconiso-iconiso-icon